TECNO POP 4 Pro (BC3) 1/16Gb Dual SIM Vacation Blue
5990
тг./мес
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Айқынырақ,үлкенірекжәнежақсырақбейне
POP 4 Pro телефонында тамшы тәрізді ойығы бар диагоналі 6.52 дюйм классикалық экран қолданылады. Дисплейдің үлкен өлшемі және экран мен корпус өлшемдерінің мінсіз қатынасы бейненің үздік сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Әрқашан күшті және сенімді
Сыйымдылығы 5000 мА·сағ аккумулятор телефонды күні бойы белсенді пайдалануға мүмкіндік береді.
4G LTE POP 4 Pro телефоны 4G LTE стандартты желілерін қолдайды. Интернетті пайдалану әлдеқайда оңай және ыңғайлы болды. Дыбыстық және бейнедеректердің жүктелуін күту уақыты айтарлықтай қысқарды.
Тамаша өнімділік Жақсы көретін деректеріңізді көлемі 16 Гб ішкі жадта сақтаңыз.
OTG қолдауы OTG функциясының көмегімен пайдаланушы ұялы телефонды пайдалана отырып басқа сандық құрылғыларды зарядтай алады. Сонымен қатар бұл функция әртүрлі құрылғылар немесе USB флэш-жинақтауышы арасында деректерді жіберуді қамтамасыз етеді.
Samsung Galaxy A32 Black 128GB
19990
тг./мес
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Экран ажыратымдылығы: 2400x1080 px Батарея сыйымдылығы: 5000 мАсағ Операциялық жүйе: Android Негізгі камера: 64+8+5+5 Мп Алдыңғы камера: 20 Mpx Жедел жады көлемі: 4 Гб Кіріктірілген жады көлемі: 128 Гб
Әсерлі дизайн Танымал камерасы бар 2021 жылғы су жаңа минималистік дизайн. Артқы панелдің нәзік жылтырлығы және керемет түстер.
Берік материалдар Ұзақ мерзім қызмет етуге арналған айрықша беріктік. Gorilla Glass 5 әйнегі керемет беріктікті қамтамасыз етеді.
Керемет камера Кез-келген жағдайда керемет сурет түсіруге арналған көпфункциялы камера. 64 МП жоғары ажыратымдылықтағы негізгі камера. Tetra Binning технологиясының көмегімен күндіз-түні жарқын және анық суретке түсіру. Сапаның төмендеуінсіз зум және кроп-кадрлар жасау. Жарқын және анық суреттерге арналған 20 МП селфи камерасы.
Айрықша экран — жақтаудан жақтауға дейін Кинематографиялық көруге арналған Super AMOLED экраны. 800 нит-ке дейінгі максималды жарықтылық сіз телефонды сыртта қолданғанда да контентке зейін салуға мүмкіндік береді.
90 Гц аса бірқалыпты экран Қозғалыстың төмен бұлыңғырлығымен бірқалыпты скроллинг пен кадрлар арасындағы ауысуларды жасау. Веб-серфингтің, бейне көру және ойнаудың неғұрлым жылдам және бірқалыпты тәжірибесі.
Сыйымды аккумулятор және жылдам зарядтау Заряды екі күн бойы белсенді пайдалануға жеткілікті болатын айрықша аккумулятор. Ұзақ жұмыс істеуге арналған сыйымдылығы 5,000 мА·сағ аккумулятор. Қуат көзінің бейімделген режимі: CPU ресурстарын оңтайландырады және зарядты үнемдеу үшін фондық режимдегі қолданбаларды өшіреді.
Жақсартылған Game Booster Ойындардағы жақсартылған өнімділік. Басымдық режимі барлық пайдаланылмайтын қолданбалардың жабылуы және хабарламалардың болмауының арқасында ойын барысына толықтай зейін салуды қамтамасыз етеді.
Сыртқы жадының үлкен көлемі 1 ТБ-қа дейінгі microSD жад карталарын қолдану сіздің сүйікті контентіңіз әрқашан қолжетімді екендігіне сенімді болуыңызға мүмкіндік береді.
Өзіңіз үшінмаңызды нәрсені қорғаңыз Samsung Knox көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесі рұқсатсыз қол сұғуды анықтап, сіздің деректеріңізді қорғайды. Саусақ ізі сканері. Қорғалған бума: саусақ іздері немесе құпиясөз арқылы ғана қол жеткізуге болатын жеке және толықтай шифрланған аумақ құрыңыз.
Xiaomi POCO M3 Pro 5G 4+64Gb Power Black
15490
тг./мес
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Асажылдам 5G жылдам желісінің артықшылығы деректерді жылдам жіберудің, жоғары сапалы бейнелердің және сергек ойындардың шеңберінен шығады. Жоғары жылдамдық пен 5G желісі кідірісінің төменділігі Xiaomi POCO M3 Pro-ның жарқын артықшылығына айналды.
Екі SIM карта Xiaomi Poco M3 Pro-ның SIM-карталарға арналған қос слоты сізге әрқашан байланыста болуға мүмкіндік береді. Айналаңыздағы желілік ортаға бейімделе отырып, SIM карталарын қолмен ауыстырмастан екі түрлі желіні алмастырудың пайдалы мүмкіндігі.
Тиімділік MediaTek Dimensity 700 Xiaomi POCO M3 Pro процессоры 7 нм флагмандық технологиялық процесті қолдана отырып жасалған.
Жиіліктің динамикалықауысуы Xiaomi POCO M3 Pro дисплейі қаралатын контентке сәйкес 90 Гц, 60 Гц, 50 Гц және 30 Гц жиіліктерге бейімделе алады. Ақылды бейімделу смартфонның энергиялық тиімділігін арттыру үшін жасалған.
6.5" FHD+ Xiaomi POCO M3 Pro FHD+ дисплейімен жабдықталған. Дисплей Corning Gorilla Glass қорғаныс әйнегімен жабылған. 3.0 зияткер оқу режимі контентті қараудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Жарықты автоматты реттеу Xiaomi POCO M3 Pro-ның алдыңғы және артқы панеліндегі қос жарық бергіштері 360°-қа жарықты анықтай алады. Бергіштер көзге түсетін жүктемені азайту үшін жарықтылықты табиғи, орынды және дәл реттеуге көмектеседі.
Төзімділік 18 Вт жылдам зарядтау мен аккумулятордың 5000 мАсағ үлкен сыйымдылығы Xiaomi POCO M3 Pro-ны саяхаттағы, ұзақ сапардағы, жұмыстағы және оқудағы керемет серікке айналдырады. Смартфон сізбен бірге және күні бойы жұмыс істеуге дайын болады.
Бір рет түртумен өзіңіз үшін ерекше қуатты ашыңыз Құрылғының экранына кіріктірілген жетілдірілген сканер саусақ іздерін жылдам және жоғары дәлдікпен оқып алып, бір рет түртумен смартфонды бұғаттан шығаруға мүмкіндік береді.
Стильді құрылғы функционалды бола алмайды деп кім айтты? Әдемі 3D дизайнды жұқа стильді корпус қолда ұстауға жағымды.
Үздік суреттерге арналған үш объектив OPPO A74 сіздің өмірге деген көзқарасыңызды бейнелейді.
Негізгі объектив 48 Мп. Әлемді егжей-тегжейлі зерттеңіз Өміріңіздің ең қызықты сәттерін ерекше айқын және нақты суреттерге түсіріңіз.
Макрообъектив 2 Мп. Жаңа деңгейдегі өзін-өзі көрсету Суретке түсірудің мүмкіндіктерін жаңа тұстарынан ашып, әлемнің сұлулығын егжей-тегжейлі сақтаңыз.
Смартфонды өміріңіздің ырғағына сәйкес зарядтаңыз Розетканы іздеу қажеттілігін ұмытып, жұмыстарыңызға зейін қойыңыз. Сыйымдылығы 5000 мА·сағ аккумулятор сізге құрылғыны күні бойы белсенді пайдалануға мүмкіндік береді. Егер сізге құрылғыны шұғыл түрде зарядтау қажет болса, қуаты 33 Вт жылдам зарядтау адаптерін пайдаланыңыз.
Әрқашан сізбен бірге болатын жылдамдық Сіз жылдам және іркіліссіз жұмыс істейтін смартфонға лайықсыз. OPPO A74 4 Гб болатын жедел жадының және 128 Гб болатын кіріктірілген жадының үлкен көлеміне ие, бұл керемет өнімділікті қамтамасыз етеді.
Тәуекелге бел байлап, жеңіске жетіңіз Әр секунд маңызды болған кезде алаңдауға уақыт жоқ. Ойын режимінде хабарламалардың ақпараты мүмкіндігінше азайтылады, бұл сыртқы әлемге еліктемей, жеңіске жетуге зейін қоюға мүмкіндік береді.
Үлкен және жарқын экран: бәрін және одан да көп нәрсені көру Камераға арналған V-тәрізді ойығы бар үлкен 6.5 дюймдік HD+ экран контентке толықтай зейін салу үшін жасалған. HD+ технологиясын қолдаудың арқасында Galaxy A12-дегі сурет жарқын және қанық болады.
Тартымды және эргономикалық дизайн Бірқалыпты сызықтар мен эргономикалық дизайн смарфтонды бір қолмен оңай басқаруға және ұстауға мүмкіндік береді.
Төрт камера – әрдайым керемет суреттер Есте қаларлық сәттерді Galaxy A12-нің 48 мегапиксельді негізгі камерасына түсіріңіз. Аса кеңбұрышты камера әсерлі панорамалық суреттер түсіреді, тереңдік бергіші бар камера бастыға фокусталады, ал макротүсірілімге арналған камера ең ұсақ бөлшектер мен объектілерді түсіріп алады.
Айрықша кадрларға арналған аса кең бұрышты камера Аса кең бұрышты камера көру бұрышының кең болуының арқасында әлемнің толық бейнесін түсіруге мүмкіндік береді.
Ең кішкентай объектілерді түсіруге арналған макро-камера Ірі пландарға арналған макротүсірілім камерасы көзге көрінбейтін нәрсені егжей-тегжейлі түсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, портреттерге Боке табиғи әсерін қосу мүмкіндігі бар.
Ең бастысына фокусталу Тереңдік сенсоры бар камера негізгі объектіге (адамдар, жануарлар, сүйікті тағам) назар аударуға және реттелетін бұлыңғыр әсері бар керемет суретке түсіруге мүмкіндік береді
Әрдайым тамаша селфи Galaxy A12-нің алдыңғы 8 МП камерасы арнайы әзірленген "Жанды фокус" функциясының арқасында тамаша селфи түсіруге мүмкіндік береді, оның көмегімен фон кескінін әдемі бұлдыратуға болады
Күні бойы жұмыс істеуге арналған қуатты батарея Сыйымдылығы 5000 мАсағ аккумулятор күні бойы ойнауға, тікелей эфирге шығуға және файлдарды бөлісуге мүмкіндік береді. Ал 15 Вт жылдам зарядтау өміріңіздің динамикалық ырғағынан шықпауға көмектеседі.
Қарапайым және ыңғайлы One UI Core интерфейсі Ең маңыздыға зейін салыңыз. Сізге контент пен смартфонның функцияларын оңай және жылдам пайдалануға мүмкіндік беру үшін аппараттық және бағдарламалық жасақтама бір-бірімен үйлесімді жұмыс істейді. Смартфон кешкі уақытта ауысатын "Түнгі режим" қараңғыда контентті қараудың ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін экранның жарықтығын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
OPPO Reno 5 Lite Black 128ГБ
24990
тг./мес
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Қырлары бірқалыпты сүйір корпус Reno сериялы смартфондар OPPO моделдік қатарындағы ең жұқасы және жеңілі, мұндай құрылғылардың корпусындағы жиектер тегіс жұмырланған, оны қолданған өте ыңғайлы Аса жұқа - 7.48 мм. Аса жеңіл - 164 г. Корпустың бірқалыпты жұмырланған жиектері - 220° Экран жақтарының арақатынасы 20:9
Диагоналі 6.43 дюйм және екіойығыбар Full HD+ экраныкескінніңерекшесапасын қамтамасыз етеді Ажыратымдылығы 2400x1080 пиксель болатын Full HD+ экраны көзге ыңғайлы. Сонымен қатар, біздің дизайнерлердің жұмысының арқасында алдыңғы камера модульдеріне арналған қос ойық барынша аз орын алады.
Жасанды интеллектпеналты объективке иекамера: студиялық сападағысуреттер жасаңыз Алты объективке ие камера мен портрет немесе селфи жасаудың көптеген ақылды функциялары арқасында сіз кәсіби сапамен достарыңыздың және өзіңіздің портреттеріңізді түсіре аласыз.
108 Мп аса айқынсурет Жаңа OPPO смартфонының камерасы 108 Мп дейінгі ажыратымдылықпен кәсіби деңгейдегі фотосуреттерді жасауға мүмкіндік береді. 18 Вт жылдам зарядтау. Бес минуттық зарядтау – екі сағат сөйлесу
Ultra Steady Video технологиясы бейне түсіру кезінде өмірді жеңілдетеді Смартфонның алдыңғы камерасы Steady Video режимін, ал негізгі камера – Ultra Steady Video-ны қолдайды. Енді селфи-роликтер де, пейзаждық бейнелер де ерекше бірқалыпты болады.
MediaTek Helio P95, 8 ГБ жедел жады және 128 ГБ кіріктірілген жады.
Жақсартылған процессор және неғұрлым жоғары өнімділік MediaTek HyperEngine технологиясы телефондағы бейнеойындарды одан да қызықты етеді. Біздің жаңа смартфонның процессорында HyperEngine технологиясы іске асырылған. Ол әсерлі және динамикалық бейнеойындар ойнау кезінде аса пайдалы болатын бірқатар ерекше мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, мысалы, Интернетке қосылуды ақылды басқару, сенсорлық экранның түртуге жылдам реакциясы және сапалы графика.
Xiaomi Redmi Note 10S 6+128G Ocean Blue
18990
тг./мес
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Камераәрқашандайын Redmi Note 10S күн бойы ең жақсы сәттерді суретке түсіруге дайын болатын төрт камераға ие. · Алыс пейзаждардан бастап, ірі планмен түсірілетін егжей-тегжейлі суреттерге дейін кез-келген нәрсені оңай түсіріңіз. · Суреттің анықтығын бағалаңыз – 64 мегапиксельді негізгі камера еш нәрсені жіберіп алмауға мүмкіндік береді. · 118' бір кадрға бүкіл оқиғаны түсіретін 8 Мп кеңбұрышты камерамен кеңірек көрініс алыңыз · Al Portrait режимі сіздің портреттеріңізге көркемдік ерекшелік беріп, оларды басқалардан ерекшелендіреді. · Тіпті аз жарықта да керемет фотосуреттер түсіріңіз. Pro time-lapse режимі ысырма, ISO, ақтың балансы және басқа параметрлерді еркін реттеуге мүмкіндік береді. Сіз жағдайды толығымен басқарасыз.
· 360' айналадағы жарық бергіштері – жарықтылықты автоматты реттеу · 3.0 оқу режимі – қағазға басылған кітаптарды оқығандай қарапайым · Көк SGS сертификаттауы – көзіңіздің жайлылығына арналған
Жоғары өнімділік Процесссордың 2,05 ГГц-ке дейінгі тактілік жиілігінің және графикалық процессордың 900 МГц-ке дейінгі тактілік жиілігінің арқасында MediaTek Helio G95 процессоры сіздің Redmi Note 10S-тің әрдайым заман талабына сай болуын қамтамасыз етеді.
Жұмысқа жылдам дайындық Небәрі 30 минут ішінде 33 Вт қуатпен жылдам зарядтау сыйымдылығы 5000 мАсағ аккумуляторды 54%-ға зарядтауға мүмкіндік беріп, күні бойы жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Тыныстыбақылап, соғуды сезіңіз Redmi Note 10S сіздің әрекеттеріңізге сәйкес келетін діріл эффектілерін орында тудыратын жетілдірілген сызықтық қозғалтқышпен жабдықталған және неғұрлым сезімтал ойын тәжірибесін ұсынады.
Талғамды сыртқы түрі Смартфонның жиектері доғалданған және артқы қақпағы иілген тегіс және жұқа корпусы премиум класты сезуді қамтамасыз етеді.
Бұғаттан оңайшығаруға арналғансаусақ іздерібергіші Жаңартылған бүйірлік саусақ іздері бергіші барынша жайлылықты қамтамасыз етіп, бұғаттан жылдам шығару үшін корпусқа біріктірілген.
Көбірек таңдау керек пе?
Өтінім қалдырыңыз және біздің маман біз ұсынатын барлық модельдер туралы айтып береді
ӨТІНІМ БЕРУ
Жай ғана байланыс нөмірлеріңізді осында қалдырыңыз:
Біздің ең жақсы менеджер сізбен хабарласады және сіз үшін ең жақсы нұсқаны ұсынады!
Тұрмыстық техника немесе смартфон сатып алғыңыз келе ме, бірақ несие тарихына байланысты бас тартуға тап болдыңыз ба? Өмірде әртүрлі жағдайлар болатынын түсінеміз. Сондықтан, бізге жүгіне отырып, сіз алаңдамайсыз - біз банктермен жұмыс істемейміз және сіздің несие тарихыңыз туралы деректерді сұрамаймыз. Қысқа сұхбат кезінде сізге тек бірнеше сұраққа жауап беру керек болады - бұл жаңа клиентке сауалнама құрастыру кезіндегі стандартты тәжірибе. Мақұлдауға келетін болсақ, соңғы шешімді сыртқы факторларға тәуелсіз біздің ішкі тексеру жүйесі қабылдайды.
Біз үшін сіздің несие тарихыңыз - сіздің жеке ісіңіз. Сонымен, сіз біздің дүкенге келгенде, 90% жағдайда мақұлдауға сене аласыз.
ҚОЛДАНУ ҚАЛДЫРУ ҮШІН
ТАБЫСЫНЫЗДЫ РАСТАУ КЕРЕК ЕМЕС
Көбінесе несиеге рұқсат алу үшін сіз әртүрлі анықтамалар ұсынуыңыз керек. Мысалы, табыс, зейнетақы жинақтары туралы және т.б. Олардың барлығы банк клиенттің төлем қабілеттілігін тексере алуы үшін қажет. Бірақ, мысалы, фрилансерлер, үй шаруасындағы әйелдер немесе ресми кірісі жоқ адамдар не істеуі керек?
Егер сіз бұл жағдаймен таныс болсаңыз, сізге жақсы жаңалығымыз бар! Біз банктермен жұмыс істемейтіндіктен, бізге ешқандай анықтама қажет емес. Сізге ұнаған өнімді тіркеу үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болса болғаны.
ҚОЛДАНУ ҚАЛДЫРУ ҮШІН
АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМСІЗ
Кейде дүкенге кіріп, арманыңыздағы тауарды көресіз, бірақ оған ақша жоқ. Жалақы кешіктірілді, қарыз қайтарылмаған - одан басқа жағдайлар. Ал сіз өзіңіз қалаған тауарға дәл қазір ие болғыңыз келеді. Ұзақ уақыт күтіп, кейінге қалдыруға дағдыланбағандар үшін қолайлы нұсқа бар - бізден жабдықты алыңыз, өйткені біз бастапқы жарнасыз жұмыс істейміз. Яғни, бірден ештеңе төлеудің қажеті жоқ – сіз біздің дүкенге келіп, рұқсат алып, таңдалған тавады бірден ала аласыз. Алғашқы жарна сіз үшін арнайы жасалған ыңғайлы төлем кестесі бойынша бір айдан кейін ғана төленеді.
ҚОЛДАНУ ҚАЛДЫРУ ҮШІН
КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ТАУАРЛАРДЫ ҚАЙТАРУ МҮМКІНДІГІМЕН
Dom Komfort – тауарларды икемді шарттармен сатып алатын дүкен. Мұнда сіз жабдықты техниканы немесе смартфонды мүлдем сирек жолмен сатып ала аласыз - ол кейіннен сатып алу арқылы жалға алу. Бұл бір үлкен айырмашылығы бар, бөліп төлеу жоспарына біршама ұқсайды - бізде тауарды алты ай пайдаланғаннан кейін де қайтара аласыз.
Мысалы, сіз смартфонда алып, оны 2 жылдан кейін төлейсіз, содан кейін қандай да бір себептермен төлеу мүмкін емес болып қалады. Әдетте, бұл теңестіру сотта істі қарастырылуымен және коллекторлардың шексіз қоңырауларымен аяқталады. Бірақ егер сіз смартфонды бізден алсаңыз, 6 айдан кейін оны жай ғана қайтара аласыз. Неліктен дәл 6 ай? Келісімшартқа қанша уақытқа қол қойғаныңызға байланысты (бір жыл, бір жарым немесе екі жыл) «Ең төменгі төлем» жүйесі әрекет етеді.
«Ең төменгі төлем» - бұл келісімшарттың негізгі сомасын өтеуге тиіс кезең. 2 жылдық келісім-шарт бойынша бұл мерзім 6 ай, бір жарым жыл үшін 5 ай, ал бір жылға 4 ай. Бұл мүмкіндікті белсендіру үшін қажет нәрсе - ай сайынғы төлем сомасын белгіленген уақыт аралығында уақытында жасау.
ҚОЛДАНУ ҚАЛДЫРУ ҮШІН
Қоңырау шалу
Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге қайта хабарласамыз!